Бүгін WorldSkills Almaty 2025 Х-шы аймақтық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Чемпионаттың ашылуын Францияда өткен халықаралық доданың «Үздік медальон» иегерлері колледжіміздің студенті Михаил Попов пен Әділет колледжінің студенті Жанель Сағындық бастады. Байқау 09-11 сәуір аралығында Атакент көрме орталығында өтеді. Жарысқа 53 құзырет бойынша 350 жас маман қатысады. Мұндай жарыстарды өткізудің мақсаты жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, тәжірибе алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу болып табылады.
Байқау алаңдарында үздіктердің үздіктері кездеседі. Біздің колледждің қатысушылары 10 құзыреттілік бойынша қатысады. Барлық қатысушыларға жұмыс дағдыларын лайықты көрсетуді және алға қойылған мақсаттарға жетуде сәттілік тілейміз!!!